Астанада көппәтерлі үйде болған өртте ер адам мерт болды

ТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласының «Сарыарқа» ауданында орналасқан екі қабатты тұрғын үйде өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.

24 қазан күні, таңертеңгі сағат 9-да пәтерлердің бірінен шыққан жалын бір жарым сағатта ауыздықталды.

Онымен күреске ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 14 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Тілсіз жау 35 шаршы метр аумақты шарпыды. Оны сөндіру барысында 1942 жылы туған азаматтың мүрдесі табылды.