Астанада «Көрікті Қазақстан - Көркем Қытай» фотокөрмесі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 6 маусым күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай, «Көрікті Қазақстан - Көркем Қытай» фотокөрмесі ашылады. Бұл туралы сhina.org.cn Фейсбукте хабарлады.

«Барлығыңызды осы шараға қатысуға шақырамын, бізге В Контакте немесе Фейсбук әлеуметтік желілерінде жеке хабарлама (аты-жөніңіз, қызметіңіз және телефон нөміріңіз) жіберулеріңізді сұраймын. Біз сіздерге электрондық шақыру хат жолдаймыз!» - делінген хабарламада.

Іс-шара Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына арналған.

Фотокөрме  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, ҚХР Мемкеңесінің баспасөз кеңсесі, ҚХР-дағы ҚР елшілігі, ҚР-дағы ҚХР елшілігі, ҚХР әдеби туындылардың шет тілдерінде басылуы және таралуы жөніндегі басқарманың қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Фотокөрменің атқарушы органы - «ҚазАқпарат» ХАА және «Жэньминь хуабао» журналы. Көрме 10 маусымға дейін жалғасады.