ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет қорқор жайлы өзінің ресми ұстанымын білдірмек, ал сарапшылар блоггерлермен, темекі шеушілермен және темекі шекпейтіндермен тікенле байланысқа шығып, ең өткір сұрақтарға жауап қайтарады.
Бұл шараны «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясы ренспубликаның денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
27 қаңтар мен 4 ақпан аралығында Коалиция интернет-науқан ауқымында «Сарапшыға қорқор жайлы сұрақ қой» деген мәселеге қатысты әлеуметтік желілер арқылы қорқор жайлы көптеген сұрақтар жинады.
Брифингі сұрақ-жауап түрінде өтпек. Оған ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин, ҚР бас штаттан тыс стоматологы, «Астана медициналық университеті» АҚ пульманология және фтизиатрия кафедрасының меңгерушісі, ҚазҰМУ Стоматология институтының директоры Сәуле Есембаева, ҚР Бас пульманологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ирина Козлова, Астана қаласының бас онкологы, қалалық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев, Дүниежүзtлк денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы кеңсесінің бастығы Мелита Вуйнович қатысады.
Бірлескен брифингіні ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов пен «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының көшбасшысы Жәмила Садықова жүргізеді.