деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанда алғаш ретөткізіліп отырған аталған ғылыми мәжілісте қоршаған ортаның мутагенезі, ионизация тудыратын радиацияның экологиялық және медициналық әсері, Азиядағы қоршаған ортаның ластануы, геном және қоршаған ортаның өзара байланысы, генетикалық токсикология және тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мәселелері талқылануда.
Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, академик Рахметқажы Ескендірұлының айтуынша, бүгінгі таңда қоршаған ортаның мутагендік факторлары мен экологиялық апаттардың салдарынан орын алған аурулардың саны өсіп келеді. «Қазіргі кезде 5 мыңға жуық тұқым қуалайтын аурулар бар. Олардың 2 мыңнан астамы - ауыр мүгедектікке соқтыратын сырқаттар. Тұқым қуалайтын аурулар адам хромосомындағы өзгерістерге немесе олардағы мутациялық үдерістерге байланысты болады. Осындай мутациялардың көпшілігі мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Сондықтан қоршаған ортаның мутагендік факторлары мен клетканың генетикалық сипатын зерттеу жұмыстарына шетелдерде ерекше назар аударылуда», - дейді Р.Ескендірұлы.
Айта кетейік, осымен 15-ші рет ұйымдастырылып отырған Александр Холландердің халықаралық курсы бұған дейін Мексикада, Оңтүстік Африка Республикасы, Мысыр, Бразилия, Қытай, Польша, Үндістан және тағы басқа ғылыми әлеуеті жоғары мемлекеттерде өткен болатын. Курсты Қоршаған ортаның мутагенезі бойынша Халықаралық қоғамдастықтар жанындағы Александр Холландер атындағы комитеттің қолдауымен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен АҚШ-тың Техас медициналық университеті ұйымдастырып отыр.