2017 жылдың қазанында құрбылардың бірі әлеуметтік желіде Италия азаматымен өтірік есім айтып, танысады.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу елордадағы сауда үйлерінің бірінде өтеді. Құрбылар шетелдікті сыра барына шақырады. Барда олар 23:00-ге дейін болып, үйді-үйлеріне тарқау үшін көшеге шығады. Бірақ, көшеге шыққаннан кейін құрбылар шетелдіктің бетінен таспен ұрып, «Айфон 6S» маркалы ұялы телефонын қолды етеді.
Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының шешімімен екі бойжеткен айыпты деп танылып, бірі 4 жылға, екіншісі 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.