Астанада «Қош келдің, Мәуліт» рухани кеші өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Сайлау Абылаев/ – Сәуірдің 3-інде елордадағы Конгресс-Холлда Мұхаммед пайғамбардың туған айы құрметіне «Қош келдің, Мәуліт!» салтанатты кеші өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Салтанатты кеште Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны туралы уағыз айтылып, салауат оқылады, діни ән-жырлар шырқалып, тағылымдық көріністер қойылады.Бұл рухани кешті «Нұр-Астана» мешіті ұйымдастырғалы отыр.