Би сайысының басты қонағы - «Шаг вперед 3D» фильмінің жұлдызы Мэдд Чэдд. Қазылар алқасының құрамында би әлемінде есімі танымал хореографтар бар. Нақтырақ айтқанда, ТНТ арнасындағы «Танцы», MTV-дегі «Звезды танцпола 2» шоуларына қатысқан Злата Масло, Джастин Бибер, Майли Сайрус, Пинктің клиптеріне түскен Aja George.
Фестивальдің жүлде қоры 2,5 млн теңгеден асады. Жаздың ең басты би бәйгесінде әртүрлі жастағы бишілер шеберлік байқасты. Өйткені жаңа бастағандар мен кәсіби бишілер үшін бидің әр бағыты бойынша аталымдар қарастырылған. Алаңда өнерпаздар көше билерінің хип-хоп, поппинг, локинг, вакинг, крамп және хаус сынды стильдерін көрсетті.