Жалпы 90 жуық командаға біріккен ұл-қыздар паркур, стритбол мен граффитиден шеберлік байқасты. Бұдан басқа, скейтбордшылар мен би-боилар да өз өнерін ортаға салды.
Паркурда бас жүлде үшін 200 қатысушы жарысқа шығып, алматылық Владимир Малашин топ жарды. Екінші орында астаналық Иван Черноусов, ал Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Әнуа Сұлтанов үшінші орын алды. Жанкүйерлер үшін қызықты сайыстардың бірі граффити жарысы болды. Сурет шеберлеріне безендіруге берілген 6 машина жарыс соңында тамаша көркемделді. Бұл жарыста алматылық Ғалымжан Балсары жеңіске жетті.