«Жүйеге қосылған бағдаршамдар әр 3 секунд сайын бағдарлама бойынша жаңаланып отырады. Бағдаршам түсін өзгертудің белгілі бір циклі болмайды. Олар өзіне дейінгі бағдаршам жіберген ақпаратты қабылдап алып, көліктердің тығыздығына байланысты қажетті қызыл не жасыл түсті жағып отырады», - деп атап өтті Т. Ардан.
Оның мәліметінше, сонымен қатар, FLESHNET бағдарламасы қоғамдық көліктердің қозғалысына орай оларға артықшылық беріп отырады. Әрбір автобусқа навигатордан басқа, оның әр аялдама арасындағы уақытын өлшеп отыратын құрылғы болады. Егер белгілі бір автобус қажетті уақытынан кешігіп келе жатса, бағдаршам оған жасыл жарығын жағып, өткізіп жібереді.
«Ал егер қиылыстың барлық жағынан автобустар келіп қалса, бағдаршам солардың арасынан ең көп кешігіп келе жатқанын анықтап, соған жол ашып бере алады», - деп атап өтті Т. Ардан.
Қазіргі уақытта Астанада 42 көше қиылысы осындай бағдаршамдармен жарақтандырылды. Олар Сарыарқа, Тұран даңғылдары, Сарайшық, Қонаев, Достық, Сығанақ көшелеріне орналастырылған. Қазір олар тестілеу режимінен өткізілуде, ал 30 сәуірден бастап 100 пайыздық жүктеме бойынша қызмет атқаратын болады.
Айта кетейік, аталған 40 көше қиылысын ITS жүйесімен қамтамасыз етуге 700 млн. теңге бөлінген. Ал жалпы жобаның құны 22 млрд. теңгеге бағаланып отыр.