Жобаға қатысу бойынша өтініштер 2017 жылдың 1-15 қараша аралығында https://www.smart.astana.kz:90 сайтында қабылданады.
Сондай-ақ, өтінім беруші жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін, көрсететін қызмет түрлерін, төл құжатының көшірмесін (жеке кәсіпкер, директор) заңды тұлға жарғысының көшірмесін, сондай-ақ, өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат, өтініш берген сәтте берешегі жоқтығы туралы анықтама, әлеуетті қатысушы ЖК немесе ЖШС белгіленген кепілдік жарнаның төлем құжаты туралы банктің белгісі бар анықтама және жеке есептік шоттың бар екендігі туралы анықтама көрсеткені жөн.
Өтінімдер тек қана шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен қабылданады.
Конкурс туралы толық ақпаратты «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қызметкерлерінен алуға болады. Мекен-жайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 8 үй, 1413-ші каб. тел. 8(7172) 61 35 54.