Астанада көше театрының фестивалі басталды

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — 5-7 шілде күндері елордада Астана күніне арналған «Театралды Еуразия» халықаралық театр фестивалі өтеді.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Фестивальдің шымылдығы «ХХІ ғасыр театры: заман талабы» атты пленарлық отырыспен ашылды.

Ал негізгі бөлігі сенбі мен жексенбіге жоспарланған.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Байқауға Астана қаласының әкімдігі мен «Мир и гармония» қоры мұрындық болып отыр.

Аталған қордың жетекшісі Эльмира Щербакова фестиваль Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп жатқанын айтты.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Көше театрының, көшедегі өнердің муызканың фестивальдерін өткізу тәжірибесі бізде бұрын да болған. Екі жыл қатарынан театралды биеннале ұйымдастырғанбыз. Бірақ фестивальді форуммен үйлестіріп, қызықты шеберлік сағаттарын өткізу бұрын болмаған», — дейді Эльмира Щербакова.

6-7 шілде күндері Орталық саябақта өтетін фестивальде Қазақстан, Ресей, Польша, Эстония және басқа да елдердің театрландырылған көше қойылымдары ұсынылады. 

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Байқауға «АспектР», «СоЛу», «Черный квадрат», «Мимикрия», «Vokrug», «Королевский жираф» театрлары, Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры, Мұрат Мұтырғанов театры сияқты ұжымдар қатысады.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform