Бұл туралы «Қазақстан халқы Ассамблеясы: құрылудың тарихи маңыздылығы» атты дөңгелек үстел барысында «Қырғызтан-Астана» қырғыз этномәдени бірлестігінің жетекшісі Шавқат Исмаилов мәлім етті. «Астана қаласында Шыңғыс Айтматов есімі көшеге беріледі. Бұл мәселе Үкіметте бекітілді, ендігі Әділет министрлігінің тіркеуі қалды. Көшенің салтанатты ашылуын өткізбекпіз. Бұл біздің Елбасымыздың құрметі деп білемін», - деді Шавқат Исмаилов. Оның сөзінше, Астана қаласында 5-6 мыңға жуық, ал жалпы Қазақстан бойынша 27 мың қырғыз халқының өкілі тұрады. Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов - «Жәмилә», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ғасырдан да ұзақ түн», «Ақ кеме» секілді танымал туындылардың авторы. КСРО Мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері.
18:40, 13 Ақпан 2015
Астанада көшелердің біріне Шыңғыс Айтматов есімі беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында көшелердің біріне танымал жазушы Шыңғыс Айтматовтың есімі беріледі, деп хабарлайды astinfo.kz.