Астанада «Көшпенділер айқасы-7» ММА турнирі көрерменге нағыз шоу сыйламақ (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 сәуірде Астанада жекпе-жек өнерінің жанкүйерлері тағатсыздана күткен шоу өтеді. Бұл ММА аралас жекпе-жектен 4-і Қазақстан чемпионаты мен «Көшпенділер айқасы-7» кәсіпқойлар турнирі. Асыға күткен айтулы дода барысында көрермендер қазақстандық ең үздік жауынгерлердің өнерін «Хабар» арнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жолғы чемпионаттың бұрынғыдан басты ерекшелігі - жекпе-жекке жергілікті чемпиондар қатысып, шетелдіктерді шақыру идеясынан бас тартылған. Осыған орай, Астанада Қазақстанның танымал жекпе-жек клубтарының өкілдері өзара кездесетін болады. Ал «Көшпенділер айқасы-7» турнирінің басты тартысы «Kazakhstan MMA TOP TEAM» командасынан Шавкат Рахмонов пен «Alash Pride» клубынан Әділ Боранбаевтың жекпе-жегі болмақ.

«Біз алаңға барлық қазақстандық клуб өкілдерінің кіл күштілерін шығарғалы отырмыз. Ал 7-і көшпенділер айқасы ММА қолдауы аясында өтеді. Бұл ММА бойынша Қазақстанның аралас жекпе-жегінің төртінші чемпионаты. Жекпе-жек өнерінің дәл осы түрі елімізде қарқынды түрде дамып келеді», - деді Қазақстан ММА Федерациясының президенті Анатолий Ким.

Айта кетерлігі, бүгін турнирге қатысушылар салмақ өлшесіп, бетпе-бет жүздесіп, қол алысты.

Еске сала кетейік, ММА аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионатының финалы мен «Battle of Nomads-7» халықаралық кәсіпқойлар турнирі 30 сәуірде сағат 16.00-де «Барыс-Аренада» өтеді.