Астанада қосымша 7 автобус жолға шығады

Фото: Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - 10 ақпаннан бастап қоғамдық көлік қызметін жақсарту мақсатында демалыс күндері 4 бағыт бойынша автобустар саны артады, деп хабарлайды CTS.

Төрт бағытқа барлығы 7 жаңа автобус қосылады.

Келесі қалалық бағыттар бойынша демалыс күндері автобустар саны артады:

№ 3 бағыт бойынша 2 бірлікке (12 автобус); 
№ 13 бағыт бойынша 2 бірлікке (10 автобус); 
№20 бағыт бойынша 1 бірлікке (12 автобус); 
№ 44 бағыт бойынша 2 бірлікке (12 автобус).