Астанада Қостанай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1-2 қыркүйекте елорданың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде Республика аймақтарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу туралы іс-шаралар жоспары бойынша Қостанай облысының ауылшаруашылық кәсіпорындарының қатысуымен жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

2 күн ішінде облыстың 14 ауданы мен 3 қаласының 60-тан астам кәсіпорыны ауыл шаруашылығы өнімдерін сатады. Жәрмеңкеде 380 тонна көлемінде 100-ден астам өнім сатылады: мал етінің барлық түрлері - 50 тонна, сүт өнімдері - 35 тонна, шұжық өнімдері және жартылай дайындалған өнімдер - 20 тонна, жарма және макарон өнімдері - 30 тонна, қартоп және көкөністер - 60 тонна, нан және кондитер өнімдері - 20 тонна, жұмыртқа - 20 тонна, ұн - 50 тонна, және тағы басқа.

Барлық өнім Астана қаласы сауда орындарындағы бағалардан төмен сатылады. Жәрмеңкені өткізу орны «Қазақстан» спорткешені (Мұнайтпасов көш., 9) алаңы.