Екі күн бойы Астана, Алматы, Қарағанды қалалары мен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының командалары өзара шеберлік байқасады. Шетелдік қатысушылар тарапынан татамиге Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан спортшылары шығады. Халықаралық турнирдің ашылуына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі комитет төрағасы Елсияр Қанағатов, сондай-ақ Қазақстанның күш құрылымдарының өкілдері қатысты. Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы Амантай Күреңбековтың айтуынша, турнир еліміздің өңірлерінде өткізілген барлық спортық шаралардың қорытындысы болып табылады. «Шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Аталарымыздың қайтпас рухы мен ұмытылмас ерлігі бізге бейбіт күндерді сыйлады. Спорт бізді көршілес жатқан елдермен біріктіретін тағы да бір мүмкіндік болып табылады», - деді А.Күреңбеков. Жарысқа 115 спортшы қатысуда, олардың арасында әлем чемпиондары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберлігіне кандидаттар бар. Еліміздің күш құрылымдарының білікті мамандары оларға қазылық етуде.
18:25, 12 Наурыз 2015
Астанада қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир басталды. Аталмыш шара ҰОС-дағы Жеңістің 70 жылдығына арналады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.