Астанада қойма отқа оранды

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 07.24-те Астана қаласының Алматы ауданында Сембинов көшесіндегі қойманың шатыры және дестеленген пластикалық ыдыстардың орамасы отқа оранды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Сағат 10.47-де жалын ауыздықталды. Оған ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 79 маманы мен 18 техникасы жұмылдырылған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.