Астанада қозғалысы шектелген автобус бағыттары 5 шілде күні қалпына келтіріледі

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада өткен ШЫҰ саммитіне байланысты қозғалысы шектелген автобустардың бағыттары 5 шілде күні қалпына келтіріледі.

Фото: Астана әкімдігі

Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС хабарлады.

«Ертең, 5 шілдеде ШЫҰ саммиті аясында қозғалысы шектелген бағдарлардың бағыты бекітілген қозғалыс сызбаларына сәйкес қалпына келтіріледі», — деп жазды ведомстводарн.

Айта кетейік, 3-4 шілде күндері Астанада 32 автобустың бағыты өзгеретінін жазған болатынбыз.