«АТО отырысында 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асу барысы және 2016 жылғы 10 маусымдағы Қауіпсіздік Кеңесі отырысында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың берген тапсырмаларының тәжірибеде іске асырылуы бойынша іс-шаралар қарастырылды», - делінген хабарламада.
Халықаралық терроризммен күрес бойынша ғаламдық желі құру туралы Мемлекет басшысының сыртқы саяси бастамаларын одан әрі ілгері жылжыту бойынша нақты қадамдар белгіленді.
ҚР АТО отырысы қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.