Астанада ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісі өтті

АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат – Астанада ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Оған ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов төрағалық етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Алқа отырысында министрліктің бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындылары, Елбасының «Дағдарыстан - дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының орындалу барысы және министрліктің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары талқыланды.Бюджеттік шығынды оңтайландыру, экономиканы жаңартуды одан әрі жүзеге асыру, еңбекпен қамту стратегиясын орындау және елдің дағдарыстан кейінгі дамуын қамтамасыз ету үшін республикалық бюджетке өзгерістер енгізілген болатын. Мақсатты трансферт ретінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке 347,9 млрд. теңге қаржы бөлу жөнінде заң қабылданды. Аталған қаржының 140 млрд. теңгесі аймақты еңбекпен қамту және маманды қайта даярлау стратегиясына жұмсалады.Министрлік ағымдағы мәселелерді шешу, оның ішінде аймақты абаттандыру және шағын несие беру үшін ауыл әкімдері бюджетін қалыптастырып, оған 50-100 млн. теңге көлемінде қаржы бөлу тетіктерін қарастыруда.