Съездің бірінші күні «Тілдердің үштұғырлығы. Мемлекеттік тілдің қазақстандық жастарды топтастырудағы рөлі және оны үйретудегі жаңа әдістер» тақырыбындағы секциядан басталды. Жалпы, екікүндік форум барысында мектеп оқушыларын оқытудың жаңа технологияларын енгізу, тіл мен әдебиеттің жаңа әдістемесін әзірлеу, білім берудің электронды жүйесін жетілдіру, техникалық-кәсіптік педагогтарды даярлау, филологтардың кәсіби дайындығын шыңдау және тағы басқа өзекті мәселелер талқыланады. Ол үшін Астанаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 550-ден астам ғалым-педагогтар, сарапшылар мен филолог мамандар келді. Олардың ішінде шетелдік қонақтар да бар.
Ертең, 17 мамырда ҚР Филологтарының I съезі Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жалғасады.