Алматы ауданы әкімінің орынбасары Түсіп Рысбеков жаңа туған нәрестелерге мықты денсаулық пен сәттілік тілеп, ата-аналарына естелік сыйлықтар табыс етті, ал әділет басқармасының қызметкерлері туу туралы куәліктерді табыстады.
Өз кезегінде, жаңа туған нәрестелердің ата-аналары осы шараны ұйымдастырғандарға шын жүректен алғыс айта келе, бұл күннің олардың естерінде ұзақ жылдарға сақталатынын тілге тиек етті.