НАТО-ның «Жоспарлау және талдау» бағдарламасын орындау аясында өткен кездесуде ҚР Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін дайындықтарға, оқу-жаттығуларға, сондай-ақ, көпұлтты контингент құрамында бейбітшілікті қолдау бойынша БҰҰ операцияларына қатысуға әзірлеу мәселелері талқыланды.
НАТО-ның 2014-2015 жылдардағы бағдарламасының жаңа циклына бітімгершілік контингенттерін БҰҰ мен НАТО стандарттары бойынша дайындау және жарақтандыру, қорғаныстық жоспарлауды зерделеу, штаб офицерлерін оқыту, киберқауіпсіздік мәселелері кіреді.
Сондай-ақ ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдерімен кеңестер өткізілді.