Онда салауаты қоршаған ортаға азаматтардың құқықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және адам құқығы саласындағы халықаралық міндеттемелермен кепілдік берілген сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Отырысқа биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының өкілдері, танымал ғалымдар мен құқықтанушылар, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Адам құқықтары жөніндегі комиссияның өткен жылғы жұмысының қорытындылары шығарылып, ағымдағы жылғы міндеттері айқындалды.