деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырысқа Үкімет өкілдері мен Парламент депутаттары, заңгер ғалымдар мен үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Комиссия өкілдері күн тәртібіне сай басты екі мәселені қарады. Бірінші мәселе бойынша, Ішкі істер вице-министрі Аманжол Күреңбеков министрліктің Жол полициясы комитеті өкілдерінің азаматтардың қолданыстағы заңнамалар мен адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелері негізінде құқықтарын қамтамасыз ету жұмыстарына қатысты баяндама жасады.
Жиынға қатысушылар ішкі істер саласының атқарған жұмыстарына байланысты есебін тыңдаған комиссия мүшелері оған қатысты өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, осы сауалдар негізінде өзара пікір алмасты. Олар азаматтардың құқықтық мәдениеті мен жүргізушілер мәдениетін көтеруге қатысты өздерінің тың ұсыныс, пікірлдерін білдірді. Сонымен қатар, басқосуда полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, жол полициясы қызметкерлеріне арналған тұрақты жұмыс істейтін курстар ұйымдастыру мәселесін көтерді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары комиссиясының хатшысы Тастемір Әбішев пен Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосынованың Қазақстанның Адам құқықтары саласындағы ұлттық жоспарының шет мемлекеттердегі таныстырылымының нәтижелеріне байланысты есебін тыңдады.