Астанада ҚР Президенті жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңес пен ҚР Жоғарғы Соты кеңесінің бірлескен отырысы өтті

АСТАНА. Маусымының 19-ы. ҚазАқпарат – Астанада кеше ҚР Президенті жанындағы құқықтық саясат жөніндегі Кеңес пен ҚР Жоғарғы Сот кеңесінің бірлескен отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бірлескен отырыста құқықтық сот әділдігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету, сот өндірісінің тиімділігін арттыру және қылмыстық сот өндірісі ауқымында азаматтардың құқықтарын қорғау проблемалары қаралды. Осы мәселе бойынша Жоғарғы Соттың ақпараты тыңдалды. Талқылау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасындағы заңнамалар мен құқықтық шараларды қолдану проактикасын одан әрі жетілдіруде ескерілетін тиісті ұсыныстар жасалды.