Астанада ҚР Президентінің Күзет қызметі бастығының жүлдесі үшін жауынгерлік қарудан ату бойынша ашық турнир өтуде

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының жүлдесі үшін жауынгерлік қарудан ату бойынша ашық турнир өтіп жатыр.

«Майлан» далалық оқу орталығында өтіп жатқан жарыста күш құрылымдары мен мемлекеттік емес күзет қызметтері өкілдері бақ таластыруда. Күннің бірінші жартысында қатысушылар жауынгерлік шолақ қарудан (пистолет) нысанаға дәлдеу бойынша мергендіктерін көрсетеді. Олар әртүрлі күрделіліктегі үш жаттығуды орындауы тиіс. Күннің екінші жартысында жарыс «Калашников» автоматынан ату бойынша жалғасып, мергендер сондай-ақ, түрлі қиындықтағы үш сынақтан өтетін болады.

Жарыс нәтижесі бүгін кешке шығарылып, жеңімпаздар марапатталмақ.