Астанада ҚР Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының Орынбасары Т.Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінен хабарлады.

Отырыста еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын және жолдауларын іске асыру мәселесі қарастырылды. Аталған мәселе бойынша Конституциялық Кеңестің ақпараты тыңдалды.

Отырыста 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 жылға арналған Жоспардың орындалуы бойынша жұмыс қорытындылары туралы Әділет министрлігінің есебі тыңдалды.

Сондай-ақ кеңес отырысында Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің ағымдағы жылғы жұмысы қорытындыланды және Кеңестің 2014 жылғы Жұмыс жоспарының жобасы мақұлданды.

Өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсынымдары Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады.