Астанада ҚР СІМ мен Назарбаев университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Назарбаев Университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады strategy2050.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Назарбаев Университетіндегі Мемлекеттік саясаттың жоғарғы мектебі мен Бизнестің жоғары мектебі мекемелерінің ашылу рәсіміне қатысты. Шара аясында ҚР СІМ мен Назарбаев Университеті арасында меморандумға қол қойылды.

Тараптар магистратура мен докторантурада кадарларды дайындау; Мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару; Executive Education Program бағдарламалары бойынша жетекші мамандарды дайындау, сараптамалық және зерттеу материалдарын дайындау салаларында ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі.

Сондай-ақ, ҚР СІМ басшысы «Қазақстан халықаралық қарым-қатынас жүйесінде» атты дәріс оқыды.