деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеңес жұмысына құрамына ҚР орталық атқарушы органдардың басшылары кіретін Үйлестіру кеңесінің мүшелері, аймақтық әкімдіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Күнтәртібінде тұрған мәселелерге сәйкес, оның барысында Қызылорда, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ҮЕҰ-мен әрекет етуінің тәжірибесі тыңдалып, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» дайындалып жатқан заң жобасы талқыланды.
Министрдің айтуынша, заңда жіберілген кем-кетіктерге қатысты жылда ҮЕҰ тарапынан орынды сындар келіп түседі. Солардың ұсыныс-пікірлері негізінде биыл заңның жобасы әзірленуде.
Заң жобаға жұмысын тоқтатқан ҮЕҰ-ды әділет органдарының тіркеуінен шығару процедураларын жеңілдету, ҮЕҰ-ға есеп тапсыру міндетін жүктеу және әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс байқауының өткізілу мерзімін ұзарту сынды мәселелерді енгізу қарастырылуда.
Қатысушылар сонымен қатар, қарашаның 23-24-күндері өтетін ІV Азаматтық форумына дайындық мәселелерін жіті талқылады.
М.Құл-Мұхаммед ҚР Үкіметінің жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің VІІІ-ші форумы республикада жұмыс істейтін ҮЕҰ-лар үшін тәжірибе және пікір алмасуға жақсы алаң екендігін атап өте келе, қордаланған барлық сұрақтар бойынша тұщымды жауаптар алуға мүмкіндік жасау үшін, жиынға барлық министрліктер басшыларының бірінші орынбасарлары арнайы қатысып отырғандығын жеткізді.