Өрт ғимараттың 1-ші қабатындағы №118-ші (вагондық диспетчер бөлмесінен) кабинеттен шыққан. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сағат 23. 09 минутта сөндірілді.
Жалынды ауыздықтауға Астана ТЖД-ның 66 адамнан тұратын жеке құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 16 техника бірлігі жұмылдырылды. 50 адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 9 адам құтқарылды.
Өрт салдарынан 4 адам газдан уланып, ауруханаға жеткізілді.