Астанада құбырдың жарылуы салдарынан үш аурухана, СЭС ғимараты мен көпқабатты 14 тұрғын үй сусыз қалды
16:46, 09 Ақпан 2011
АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Астанада тозығы жеткен құбырдың жарылуы салдарынан теміржолшылар ауруханасы, Президенттік аурухана, №1-перзентхана мен қалалық СЭС ғимараттары және көпқабатты 14 тұрғын үй сусыз қалды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, құбырдың жарылуы бүгін, түскі сағат екі шамасында Сарыарқа ауданы Ә.Молдағұлова көшесінде болды. Оның диаметрі - 300 мм құрады. Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.