Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, құбырдың жарылуы қыркүйектің 7-сі күні таңертеңгі 10 сағат 15 минутта Алматы ауданына қарасты Спецмонтажная көшесінде болды. Салдарынан Угольная, Литейная көшелері, Кирпичный тұрғын алқабы мен 1-ші Жылу электр орталығы сусыз қалды.
Төтенше жағдайды жоюмен «Астана су арнасының» 10 адамы мен 4 техникасы айналысуда.