Астанада күдікті сөмке үшін дүкен қоршауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада күдікті сөмкеге байланысты дүкен қоршауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жергілікті тұрғын қырағылық танытып, учаскелік инспекторға Абай даңғылында орналасқан дүкендегі күдікті сөмке жайлы хабарлаған. Полицияға бұл хабарлама 15 сағат 20 минутта келіп түскен, полицейлер мен жедел жауап қайтару қызметі бірнеше минуттан кейін аталған жерге барған», - деді ІІД-де.


Сөмкені тексеру барысында ешқандай күдікті зат табылмаған. Сөмкенің табылған жерін тексергеннен кейін, қоршау алынып тасталды.