деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сайыс регламентіне сәйкес әрбір қатысушыға 3 сынақ және 10 есептік патрон берілді. Көз және қол мергендігімен қатар психологиялық дайындықты қажет ететін жарыс барысында Астана қалалық ІІД-нің өкілі Денис Марин 91 ұпай жинап алғашқы орынды иеленсе, ҚР ІІМ-нің өкілі Владимир Марин мен жоғарыда аталған департаментінің қызметкері Әмір Хәкімов 2-3-інші орындарды бөлісті.
Әйелдер арасындағы сайыста да қалалық ІІД-нің қызметкері Лариса Матюшок үздік шықса, сәйкесінше 2-3-ші орындарды ҚР ІІМ-нің қызметкері Жанар Әлиайдақызы мен қалалық кедендік бақылау департаментінің өкілі Сәуле Омарова еншіледі.
Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша бірінші орынды Астана қалалық ІІД иеленді. Ал, 2-3 орындарға ҚР ІІМ Орталық аппараты мен қалалық кедендік бақылау департаменті табан тіреді.