«Күмісбеков көшесінің құрылысына кірістік. Күзге дейін бітіруді жоспарлап отырмыз, қараша айына дейін жаяужол мен абаттандыру жұмыстары толық аяқталады. Кенесары көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін 6 жолақ болады», - деп хабарлады қала басшысы өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
Жобаны жүзеге асыру жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 24 сәуірінде Сейфуллин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі жол бөлігінің құрылысы басталды. Сонымен бірге, 2 аптадан кейін Кенесары көшесінен Абай көшесіне дейінгі қалған жол бөлігінің құрылысы басталады.
Қойылған міндеттемеге сәйкес, Күмісбеков көшесіндегі қозғалыс тамыз айының соңына дейін ашылуы тиіс. Ал көшені жарықтандыру, абаттандыру және жаяужол құрылысы биылғы күзде аяқталады.