Астанада күн 22 градусқа дейін ысиды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндері елордада күн жылынады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Синоптиктердің хабарлауынша, 3 мамырда күн ашық болады. Солтүстік-шығыстан 5-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0...-2°С, күндіз 12... 14°С құрайды.

4 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік батыстан соғатын желдің екпіні - 5-14 м/с құрайды. Ауа температурасы 0... 2°С, күндіз 17... 19°С шамасында.

5 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Сынап бағанасы түнде 2... 4°С, күндіз 20... 22°С көрсетеді», - делінген «Қазгидрометтің» хабарламасында.