Астанада күн 22 градусқа дейін жылиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 26-28 қыркүйек күндері Астанада болатын ауа райы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Синоптиктердің мәліметінше 26 қыркүйекте күн бұлтсыз, жауын жаумайды. Көшпелі жел секундына 1-6 метрге дейін жылдамдықпен ұйытқиды. Температура түнде 6... 8 °С, күндіз 20... 22 °С.

Бейсенбі, 27 қыркүйекте көшпелі бұлт байқалады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 20... 22 °С, түнде 6... 8 °С құрайды. Жел шығыстан 2-7 м/с соғады.

Жұма, 28 қыркүйек, көшпелі бұлт, арасында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура түнде 8... 10 °С, күндіз 20... 22 °С.