«Clean City NC» ЖШС Астана қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және оларды шығару саласындағы ең ірі компаниялардың бірі. Қазіргі уақытта мекемеде 100-ге жуық арнайы техника, 16 мыңнан астам контейнер бар. Оның ішінде 4 мыңнан астамы - сары контейнер, қалғандары - жасыл және металл. Күн сайын шамамен 750-800 тонна қалдық шығарылады», - деді ол Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Айбек Тұрсынбековтың айтуынша мекеме жұмыс барысында бірнеше кедергіге тап болуда. Оның бірі – контейнерлерді өртеу. Бұл арнайы техникаларға зиян келтіріп қана қоймай, айналадағы адамдарға қауіп төндіретін қолайсыз жағдай.
«Тағы бір күрделі мәселе - кейбір жүргізушілер жеке автокөлік құралдарын контейнер алаңының алдына қоюы. Бұл да жұмысқа қолайсыздық туғызады және контейнерлерге кіруді қиындатады. Кейбір адамдар қатты тұрмыстық қалдыққа жатпайтын құрылыс және басқа қалдықтарды контейнерлерге тастайды. Бұл контейнерлер мен арнайы техникалардың бұзылуына әкеп соғады», - деді Айбек Тұрсынбеков.
Осыған орай «Clean City NC» ЖШС-нің өкілі қала тұрғындарынан қоқыс қалдықтарын ғана контейнерге тастап, бөгде заттарды лақтырмауын өтінді.