«Бейсенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -1-3°С, күндіз 7 9°С болады», - деп хабарлады astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК.
Апта соңында (жұма күні) күн ала бұлтты болады, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0, 2°C, күндіз 8 10°C-ге жетеді.
Сенбі күні синоптиктердің болжамынша көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертң жауын-шашынды болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -1-3°C, күндіз 3 5°C болады.