Астанада күн жылына бастайды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ауа райы мәліметтері елорда тұрғындарын қуанта бастады.  Бір аптадан астам қаһарына мінген аяздың беті сынып, енді таяудағы үш күнде  бас қалада күн  жылына бастайды.

Оған  Орталық Қазақстаннан Оңтүстік Каспий циклоны әсерінің  қайта бастауы  ықпал етуде. Жексенбі күні сынап бағаны 10 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды  astana.kz  сайты  «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ертең,  21 желтоқсанда, елордада күн ашық болып, шығыстан  9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -30-32 , күндіз  -23 - -25°градус болмақ.

22 желтоқсанда  жауын-шашын болмайды. Шығыстан және оңтүстік шығыстан - 9-14 м/с жел соғады.  Түнде сынап бағаны - 25-27 градус, күндіз - 17-19 градус салқындықты көрсетеді.

23 желтоқсанда синоптиктер  аздап қар жауып, бұрқасындатуы ықтимал екенін айтады.  Оңтүстік шығыстан соққан жел батысқа ауысып, 9-14 м/с, кей жерлерде - 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы  түнде  12-14, күндіз 10-12 градус  салқын болады.