Астанада күн жылынуы ықтимал

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Ертең, 27 қарашада елордада жауын-шашынсыз, ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстік шығыстан соққан жел 9-14 м/с. жетеді. Ауа температурасы түнде -18-20°C, күндіз -10-12°C, шамасында болады, деп хабарлайды елорданың ресми сайты «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Синоптиктер 28 қарашада ауа райының құбылмалы болып, қар жауатынын, бірте-бірте ауа температурасы  түнде  -15-17°C  жетіп, күндіз  -6-8°C төмендейтінін болжайды.  Оңтүстіктен  7-12 м/с жел соғады.

29 қарашада ауа температурасы сақталып, қар жауады.  Батыстан  9-14 м/с. жел тұрып,  сынап бағаны  түнде -8-10°C, күндіз  -5-7°C  салқындықты көрсетеді.