Астанада Құрбан айт күндері №27 автобустың қозғалыс кестесі ұзартылады

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Құрбан айт мерекесі күндері №27 автобустың маршруты «Алтын таға» базарына дейін ұзартылады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

«Құрбан айт күндері №27 автобустың маршруты «Алтын таға» базарына дейін ұзартылады. Сонымен қатар, «Хазірет Сұлтан» мешіті - Тәуелсіздік даңғылы - Көк базар - Алаш тас жолы бағытында екі автобус жүреді»,- делінген ведомство ақпаратында.

№27 автобусы «Нұр-Астана» мешіті - Қабанбай батыр, 21 - «Алтын таға» базарына дейін (маршруты: Теміржол вокзалы - Біржан Сал к-сі - И.Есенберлин к-сі - Республика даңғылы - Қабанбай батыр даңғылы - «Астана-Қосшы» тас жолы - «Алтын таға» базары) жүретін болады. Автобус қалаға осы жолмен қайтады.

Еске сала кетейік, Астанада қала әкімдігінің шешімімен құрбандық шалу, мал сату, тазалау және аумақты жинау үшін арнайы орындар белгіленді. Сондай-ақ, жеке үйлердің аулаларында, балалар алаңдарында және рұқсат етілмеген жерлерде мал союға қатаң тыйым салынады.