Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионатының ашылу салтанаты қалай өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов және United World Wrestling ұйымының президенті Ненад Лалович қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана әкімдігі

Салтанатты рәсім барысында министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлем чемпионатына қатысушылар мен қонақтарға жолдаған құттықтау жеделхатын оқып берді.

Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

— Күрес — күш-жігерді, ерік пен мінезді шыңдайтын олимпиадалық спорт түрі. Өзіндік дәстүрі мен терең тарихы бар бұл жекпе-жек өнерінің Қазақстан халқы үшін маңызы зор. Сондықтан ұлттық мерекеміз — Республика күні тойланып жатқан шақта әлемнің үздік балуандары бас қосқан осындай беделді жарыстың Астанада өтуі еліміз үшін үлкен мәртебе, — делінген жеделхатта.

Фото: Астана әкімдігі

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты Астанада 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Жарыста 135 елден келген 900-ге жуық спортшы жарыс жолына шығады.

Фото: Астана әкімдігі

Әлем чемпионатының Астанада өтуі халықаралық спорт қауымдастығының Қазақстанға деген сенімін және еліміздің ең жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге дайын екенін көрсетеді.

Фото: Астана әкімдігі

Мұндай турнирлер халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, отандық күрес мектебін дамытуға және өскелең ұрпақ арасында спортты насихаттауға ықпал етеді.

Фото: Астана әкімдігі

Бұл чемпионат елімізде өтіп жатқан ірі халықаралық жарыстар легін жалғастырады.

Фото: Астана әкімдігі

Мұндай жұмыстар Қазақстанның өңірдегі жетекші спорт орталықтарының бірі ретіндегі орнын нығайтуға және отандық спортшылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Фото: Астана әкімдігі

Бұған дейін Алматбек Аманбек күрестен әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алғанын жаздық.