Астанада құрылыс алаңында кран аударылып, жұмысшы қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы Тұрар Рысқұлов көшесі 18/5 үй мекенжайында орналасқан «Абырой» тұрғын үй кешені аумағында қатты жел салдарынан кран аударылып қалды.

Фото: Kazinform

Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Желідегі ақпаратқа сәйкес 18 шілде сағат 20:07 шамасында желдің кенеттен қатты соғуы салдарынан құрылыс алаңында мұнаралық кран аударылып, бір жұмысшы тіл тартпай кеткен.

Бұған дейін Ақмола облысында монтаждау жұмыстары кезінде болған апаттан екі адамның қаза тапқанын жазғанбыз.