Елордада "R-Club" және "R-Club Deluxe" тұрғын үй кешендері үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана прокуратурасына сілтеме жасап.
Үлескерлердің 4 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалған.
Құрылыс салушы 2022 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарлаған құрылыс бітпеген.
Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, қамауға алынды.
Жедел тергеу тобы құрылды.
Қазіргі уақытта қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталып жатыр.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.