Алдын ала мәліметтерге қарағанда, түскі уақытта күдіктілер құрылыс алаңына заңсыз кіріп, арнайы техникалардың көмегімен топырақты тиеп, алып кетпек болған.
Алайда олардың әрекеті полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде дер кезінде әшкереленіп, төрт жүк көлігі қылмыс орнында ұсталды.
— Тексеру барысында арнайы техникаларды 36, 37, 41 және 60 жастағы азаматтар басқарғаны анықталды, — деп хабарлады полиция.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің арнайы техникалары айып тұрағына қойылды.
Еске салайық, бұған дейін Астанада топырақты заңсыз қазу мен тасымалдауға бақылау күшейтілгенін жазғанбыз.