Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 23 тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ елорданың бірқатар нысанында іске қосылды.

Фото: Астана әкімдігі

Дауыс беру күніне дейін 31 күн қалды. Кері санақ көрсеткіші шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орнатылды.

Фото: Астана әкімдігі

Таблода нақты уақыт режимінде сайлауға дейін қалған күн саны көрсетіліп, елорда тұрғындары мен қонақтарына алдағы маңызды саяси науқан туралы еске салып тұрады.

Айта кетелік Құрылтай сайлауы: 7 саяси партия сайлауалды штабтарын ашқан еді