Астанада Құрманғазыға ескерткіш қойылады

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Астанада дауылпаз күйші Құрманғазыға ескерткіш қою Астананың 14 жылдығын мерекелеуге арналған шаралар аясындағы негізгі оқиғалардың бірі болмақ.

Ескерткіш авторы мүсінші - Асан Молдабаев. Бұл автордың алғашқы жұмысы емес, мүсінші осыған дейін Қарағандыдағы этнобақтағы композицияға қатысқан.

Құрманғазы ескерткіші «Думан» қонақ үй кешені аумағына қойылады.  Биіктігі 10 метр: тұғыр биіктігі - 5,5 м, ескерткіш биіктігі - 4,5 м.

Құрманғазы - қазақтың ұлы күйші-композиторы, аспапты музыка өнерінің классигі. Жастайынан домбыраның қыр-сырына жетік өскен. Оның алғашқы күйлерінің бірі «Кішкентай» деп аталады. Ұлттық тағылым-тәрбиеге құрылған. Ал «Сарыарқа» күйі қаззақтың кең даласының сұлулығын сипаттайды. Күйшінің бүгінгі таңға 60-қа жуық күйлері жеткен.