Астанада құрылыс алаңында жұмысшы биіктіктен құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Алматы ауданында Ш.Қалдаяқов көшесінің бойындағы жаңа салынып жатқан «Итальяндық квартал» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 1973 жылы туған жұмысшы 2-қабаттан құлап кетті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды.